«Парасат жолы» орталығы
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.
Құжаттың басты көздегені – Ұлттық академиялық кітапхана базасында ашылған «Парасат жолы» орталықтары арқылы парасаттылық идеологиясын ілгерілету болып табылады.
Жаңадан іске қосылған жоба адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен даналықты, әділдік пен қамқорлықты дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған. Сондай-ақ мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінбекші.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ
«Парасат жолы» жобасы аясында 2022 ж. өткізілетін
іс шаралар жоспары.
|
Жұмыс мазмұны |
Формасы |
Мерзімі
|
1 |
Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаев 110 жыл «Қонаев жайлы естелік» |
Тарихи сағат
|
12.01.22.
|
2 |
«Есірткіге елікпейтін ел боламыз» (жасөспірімдермен жұмыс) |
Пайдалы ақпарат сағаты |
20.05.22. |
3 |
Діни экстремизімді алдын алу шарасы бойынша «Азаматтық қоғам және дін» |
Теологпен кездесу |
14.09.22.
|
4 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлық – ғасыр дерті» |
дискуссия |
09.11.22. |
Іс-шаралар
05.03.2021 ж. «Парасат жолы» жобасы аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Жас қыран» клубының мүшелерінің қатысуымен «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты қыздар сайысы өтті.
Мақсаты: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Аруларымыз мына кезеңдердің шарттары бойынша сынға түсті: І кезең – «Таныстыру». Сайысымыздың бұл кезеңінде қыздар өздерін таныстырды. Мұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түсті. ІІ кезең – «Қыз еркем – өнерімен көркем» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетті. ІІІ кезеңде – «Іші – алтын, сырты – күміс сөз төресі» кезеңінде ару қыздардың білім деңгейлері бағаланды.
Әділқазылар қызметін Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі маңындағы Коворкинг орталығының жетекшісі Ж.Н.Сыздыкбаева, кітапханамыздың кітап қорын толықтырушысы Ф.Т.Дузбаева және бас есепші А.Б.Оспан атқарды.
Әділқазы қатысушылардың шешімін шығарғанша, №27 орта мектептің 6 «Б» сынып оқушылары М.Рахымжан «Қосалқы», Е.Зәрубай «Ерке сылқым» күйлерін орындады.
Аруларымыз қазылар алқасының шешімімен келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Инабатты ару» – Телғара Кәусар, №1 мектеп гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы;
«Өнерлі ару» – Әбдіқалықова Назерке, №21 орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы;
«Сымбатты ару» – Серік Сезім, №27 орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы;
«Зерделі ару» – Аяпова Аружан, №1 мектеп гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы. Сайыста өнер көрсеткен ару қыздарға мадақтама беріліп, кітапхана тарапынан сыйлықтар табыс етілді.