Жаңалықтар
03 Наурыз 2023
Кітапханада «Ауылым алтын бесігім» атты эссе жазу байқауы болып өтті.
Осы іс-шараға қаламыздың №1, №16, №19 және С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясының оқушылары келіп қатысты. Шараны кітапханашы А. Бейсова жүргізді, эссе байқауына әділқазылар алқасы болып жергілікті ақын, қаламыздың құрметті азаматы Ж.Омаров, №7 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Т.Кузембаева мен Мәдениет және тілдер бөлімінің әдіскер маманы Л.Сабырова қатысты. Осы байқауға 27 жұмыс келіп түсті, балалардың жазған шығармалары жанжақты тексеріліп, ең үздік деген шығармалары іріктеліп алынды олар: 1орын №16 мектеп 9 «Ә» сыныбының оқушысы Ұ.Ерболатқызы, 2-ші орын №16 мектептің 5 «А» сынып оқушысы Ә.Қапбаспен №1 Б. Момышұлы атындағы 7 «А» сынып оқушысы А.Мұқатайға бұйырды, ал 3 орын Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 6 «А» сынып оқушысы Барыс Айшаға берілді, барлығына «Алғыс хат» пен силықтар табыс етілді. Шара барысында №27 мектеп оқушысы М.Рахымжанов «Тепенкөк» атты күйді нақышына келтіре орындады және №19 мектебінің 5 «Ә» сынып оқушылары «Ауылым» атты өлеңдерді мәнерлеп оқыды және оқушылардың назарына «Жайлау көл кештері» атты бейне сюжет көрсетіліп өтті. Іс-шараның соңында кітапханашы «Жайлауы жасыл, мұраты асыл ауылым» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Нәтижесінде балалар шығарма жазғандағы қате кемшіліктері туралы блді, ақын Ж.Омаров балаларға ақыл кеңес беріп, келесі жолы ондай қателер жібермеу керек екенін айтып түсіндірді .Барлық балалар «Алғыс хат» алғандарына риза болып, қуаныштарымен бөлісті