Жаңалықтар
28 Ақпан 2023
Алғыс айту күніне орай «Рахмет саған, Отаным!» атты инфоквест болып өтті
Іс шараға қалаламыздың №3 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Келген оқушыларға алғыс айту күні жайында мағұлмат беріліп «Алғыс айту күні» атты бейне баян көрсетілді. Бейне баянда қазақ елінің қиын кезде өзге елге көрсеткен көмегі жайында көрсетілді. Сонымен қоса, кітапханашы балаларға жылы сөз бен қайрымды іс жасауды әдетке айналдырып, «Рахмет» деген сөзді жиі айтуларын сұрады. Келген оқушылар да өз ойларымен болісіп, өз ризашылықтарын өлең жолдармен жеткізіп, кластер толтырумен білдірді.
Шара соңында «Алғыс айту парызым» атты кітап көрмесіне шолу жасап, таныстырылды. Нәтижесінде балалар алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келетінін білдірді