Жаңалықтар
22 Ақпан 2023
Кітапханада «Жаңа кітаптар оқырман игілігіне» атты көрме презентация болып өтті
Осы іс-шараға №3 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Балаларға кітап білімнің қайнар көзі, кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігін түсіндіріп өтті және балалардың назарына кітапханадағы жаңа әдебиеттермен таныстырды мысалы : Ш.Күмісбайұлының «Бабамдай болғым келеді» атты жаңа туындысында негізгі мақсаты жас өскіннің Отанына деген сүйіспеншілігін ояту, бала психологиясын уақытқа сай қалыптастыру, тәрбиелеу, жақсылыққа, амандылыққа баулу, К. Сәттібайұлының «Әппақ шар туралы әуезе», «Бірлікті іздеген бала», «Тәтті ертегі» атты бірнеше кітаптары таныстырылды, бұл ертегілерде қиял ғажайып, шытырман оқиғаларымен оқырмандарын баурап алатындай өте қызықты жазылғанын айтса, Г.Шойбекованың "Тұрылханның Көк Туы" атты шығармасында айтар ойы астарлы, шымыр шығармада шынығып өскен қазақ балаларының кешегі мен бүгінгі әртүрлі тағдырлары туралы шынайы суреттелгенін айтып өтті, шара соңында Н.Ақыштың «Тау ішіндегі тауқымет» атты туындысын таныстырып, осі кітап желісінде түсірілген бейне сюжетті балалар назарына ұсынды. Әр бала өзінің ұнаған кітаптарын қолдарына алып, қызығушылықпен оқып танысты