Мекен-жайы: 101302, Қазақстан, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Құсаинов көшесі 31-1 Тел./факс.: 8 (71063) 7-49-62, 8(71063)7-46-44 E-mail: biblioteka_15.63@mail.ru

Жаңа кітаптар

Құрметті оқырмандар !

Сіздерді қуандыруға асықпыз!

Біздің жасөспірімдер мен балаларға арналған кітапханамыз

ең үздік жаңа кітаптар түскенін хабарлайды!

Өте қызықты жаңа кітаптармен танысуға келіңіздер. Сіздерді күтеміз!

 

 

Кітапхана — кітаптардың ордасы,

Білсең кітап — нағыз жолбасшы.

Біздің ғасыр білімділер ғасыры,

Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасшы.

/ru/union_book

 

Кітап – ғажайып дос.

Кітап менің жол шырағым, серігім,

Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы,

Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,

Жат қылықты жақтырмайды бойдағы

Кітап менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастаған.

Кітапоқып, жандүнием, бойымды,

Шабыттыжыртудырам, жасқалам!

Кітап — менің асыл, жақұт, сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.

Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,

 Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

 

 

Кел, оқиық балалар! Түсті жаңа кітаптар!

 

Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғалары негізінде ертегі – аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер шындыққа негізделе суреттелген.
Ертегіде жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай тасбақа өзі сияқты тасбақалармен теңізге шығады. Жануарлар өмірінен сыр шертетін ертегі.
Ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталған бұл кітаптың жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосады. Бұл антологияға балалар фольклоры жүйемен топтастырылған.
Қиял – ғажайып сарындағы шындыққа негізделген, сиқырға толы шытырман ертегі ретінде де қабылдауға болады. Бұл шығарма – британ балаларының бірнеше буыны өзінше ашқан және таныған құпия.
Ертегі «Сиқырлы парша» атты қытай ертегісі желісінде жазылған. Оқиға 15 ғасырда Европада өткендей баяндалған. Қиял – ғажайыпқа құрылған ертегі оқырманды өзіне баурап алары сөзсіз.
Әр түрлі мінез – құлық иеленген балалар туралы әңгімелер топтастырылған жинақ. Әр балаға мінездеме бере отырып, сондай қателіктерге жол бермеуді үйретеді.
«Балаларға оқимыз» топтамасымен шыққан «Бөбектерге оқимыз» сериясы. Ш.Перро ертегісінің желісімен жазылған. 100 жыл ұйықтаған аруды өзінің болашақ жарының оятуы баяндалады.
«Балаларға оқимыз» топтамасымен шыққан «Бөбектерге оқимыз» сериясы. Г.Х.Андерсеннің ертегісінің желісі негізінде жазылған.
Орман шетіндегі жалғыз үйде мекендейтін аюлар адасып кеткен алтын шашты қызды қалай қарсы алғандары туралы баяндалады.
Киім десе ішкен асын жерге қоятын сәнқой король, пешті бір көруді арман еткен Қаршабек, өзін шошқа бағушымын деп таныстырған кедей ханзада... Г.Х.Андерсеннің кейіпкерлері бақытты өздерінше түсінеді.
Көркем безендірілген бұл кітапта түні бойы тыным таппай жасырын би билеген он екі ханшайым және олардың құпиясының қалай ашылатындығы туралы әңгімеленеді.
балалық ерекшеліктерді ескере отырып,оқу және есептеудіңтиімді де тартымды жолдарын,төрт түлік мал мен жануарлар дүниесі,құстар әлемін қамти отырып,адам,табиғат, жер-су туралы тартымды да ойлы,тәрбиелі жарасымды жырлардың тәлімді әсері молынан.


Жаңа кітаптар топтамасымен таныс болайық!

 

Қазақ халқының біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні жазған бұл кітап – күнделік негізінде бұрын шыққан «Шуақты күндердің» жалғасы. Кітапта әке, ата, қайын ата – Бәукеңнің үлкен өмірінің отбасы, ыстық ұядағы тыныс – тіршілігі, қадір – қасиеті сөз болып, оның күрделі бейнесінің тағы бір жаңа қырлары көрініп, қайталанбас тұлғасы толыса түскен.
Жинаққаақынның нәзік сыршыл сезімдерге, ой – орамдарға толы әйел, ана, қыз тағдыры жайлы өлең – жырлары еніп отыр. Автор қоғам, ел өміріндегі әйелдердің орны, қуаныш – мұңын тебірене жырлайды.
Білімдар тарихшы М.Мағауиннің «Шыңғыс хан» тетралогиясының орталық ұстыны есепті. Үшінші кітабын алаш жұртына тартылған сый. Әуелгі екі кітап секілді, бас – аяғы бүтін, дербес роман деуге болады.
Қазақ жырының қасиетіне қаныққан қаламгер жан – жүрегін жарып шыққан дастандар мен толғаулар өнбойы толған өрлік, ерлік қайсарлық қасиеттерге толы дерліктей. Дастандар мен толғаулар топтамасы нағыз аңыз жандар жаратылыс – бітімін қазақтың жүрегіне жақын жыраулық дәстүр үлгісімен алға тартады.
Абайдың «Адам бол – мал тап» қағидатына негізделе жазылған. Адамды еңбек етуге жігерлендіретін, жаратушы мен пенденің, пенде мен дүниенің, пенденің өз – өзімен қарым – қатынас табиғатын тануға ұмтылған ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген.
Қытайдағы қазақ өмірінен жазылған қос томды «Соңғы көш» романы жазушыны жұртшылыққа бірден танымал етіп, абыройға бөлегені белгілі.
XIX ғасырдың орта тұсында еліміздің батыс өңірінде өріс алған тарихи оқиғалар негіз болған. Басты кейіпкер - қазақ халқының азаттығы жолында күрескен батыр Есет Көтібарұлы.
Бұл романда өмір мен өнер мәселесі қозғалады. Бірлік пен татулық, өзара сыйластық, шынайы махаббат сияқты ұлағатты ойларға жетелейді.

 

Инфоресурсы

ГУ «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» прошла регистрацию в Министерстве юстиции РК и получила все юридические документы в апреле месяце 2006 года. Библиотека работает на основании положения № 41- 1930- 30 от 24.03.06 г. о государственной перерегистрации юридического лица №41-1930-30-КГУ от 23.06.2016г. Коммунальное государственное учреждение «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков города Сатпаев»
© 2007-2019 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы КММ
Все права защищены
© 2013-2022 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»