«Алтын оймақ» қолөнер үйірмесі

 

 

«Алтын оймақ» қолөнер үйірмесі

 

           Қолөнер үйірмесі сабағының негізгі бағыты үйрету, оқыту, игеру болып табылады. Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді.Сонымен бірге оқушы салт-дәстүріміздегі қолөнеріміздің аса қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екндігін жете түсіне білуі керек. Бұрынғы ат-бабаларымыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күні басты міндетіміз. Олай болса үйірмеге қатысатын оқушылар алған білімдерін, өнерлерін өздері ғана біліп қоймай кейінгілерге де үйретеді деген ойдамыз. Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, ағаш, су моншақ, тоқыма құрастыру т.б. әсем түрлі бұйымдарын жасауға қызығады.

 

Үйірменің мақсаты:

  •   Оқушыларды халықтың ұлттық өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып үйрету;
  •   Ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру;
  •   Халық өнерінен үлгі өнеге алу және еліктеу;
  •   Оқушылардың шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту, ойлау танымдық қабілетін қалыптастыру;
  •   Халық шеберлерімен таныстырып, олардың еңбектері арқылы әсемдікті бағалауға, өз ұлтының мәдениетін арттыруға, қадірлей білу.

Үйірменің міндеті:

  •   Оқушылардың шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он     

        саусағынан өнер тамған шәкірт тәрбиелеу. Оқушылардың шеберлігін, білім    

        мен еңбегінін көсету.

  •   Ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру,  

        дағдыландыру;

  •   Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жетілдіріп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
  •   Халқымыздың бұрыннан жалғасып келе жатқан қолөнерін жаңа стильде жандандыру, уақыт талабына сай жетілдіру.

 

Құрал – жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

 

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды;
  • қол тігістерін орындап, техниқалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
  • құрал – жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білу;
  • сурет сала білу
  • бұйымның эскизін орындай білу;
  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білу;
  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
  • технологиялық карталармен жұмыс істей білу;
  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

 

Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

 

  • Инені ине түйреуішке ғана түйреп салу керек;
  • Инені ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды;
  • Жіпті тістеп кесуге болмайды;
  • Сынған инені жерге тастауға болмайды.
  • Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:
  • Үтікпен алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;
  • Ылғалды қолмен тоққа қосылатын үтікті ұстауға болмайды;
  • Үтікті мата түріне қарай қыздыру крек
  • Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
  • Қайшыны жолдсыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
  • Қайшының жүзін жабық түрінде партаның оң жағына қой.
  • Желіммен жұмыс істеу тәртібі:
  • Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жап;
  • Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде қолыңды жу;
  • Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұста.

 


29.03.2019 ж.
29.03.2019 ж. Кітапханада «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшелерімен «Құрақ құраймыз» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды
Толығырақ...
17.08.2018 ж.
Компьютерлік курстар үйірмесі «Power Point бағдарламасы арқылы презентация жасау» атты сағатын өткізді.
Толығырақ...
23.05.2018 ж.
«Компьютерлік сауаттылық ашу» атты компьютерлік курстар үйірмесі «MS Word редакторы туралы негізгі мағлұматтар» атты ақпарат беру болып өтті
Толығырақ...
16.02.2018 ж.
«Компьютерлік сауаттылық ашу» атты компьютерлік курстар үйірмесі «Компьютер деген не? Компьютер құрылғыларымен танысу» атты таныстыру сағаты болып өтті.
Толығырақ...
Страницы: 1
© 2007-2019 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы ККМ
Все права защищены
Яндекс.Метрика
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»