Біздің өлке
Сәтбаев- достықтың қаласы
Сапырған сары алтын тастардан,
Бәрін де асқақ ән, жақсы арман.
Бақытты байтақ ел достығы
Қаныштың қосынан басталған.
Ш.Ділдебаев
Тарихы
Жұмысшылардың Никольскиий поселкесі, кейін Никольский қаласы, қазіргі таңдағы Сәтбаев қаласының тарихы үлкен өнеркәсіп аймағы болып табылатын Жезқазған-Қарсақбай-Ұлытау тарихтарымен ажырамас жұпта. Орталық Қазақстан даласының қазбалы пайдаға толы екенін адамзат бағыдан, тіпті сонау қола дәуірінен бері білген. Ол туралы тарихта із қалдырған ашық кен орындары мен кен байытуға арналған пештердің іздері, мыс кесектері және табылған жебелердің мыс пен қоладан жасалған ұштары айтады.Үлкен сауда, керуен орталықтарына жақын орналасқан Жезқазған аймағы оларды кезінде мыс немесе ұсақ-түйек малахит және азурит тастарымен жабдықтап отырған.
Кенді аймақ жайлы мәліметтер сонау тарих тереңінен басталады. Жезқазған мыс кен орындары жайлы деректер көне грек тарихшысы Геродотқа да мәлім болған. Меле-Құдық аймағында орта ғасырға тән мыс балқыту пеші бар зауыт ауласы табылған. Меле-Құдық жеріндегі көне кен қазу жұмыстары көптеген ұсақ карьерлерден және төмендетіліп қазылған жер асты жолы бар, ұзындығы 20-30 метрді құрайтын бағандары бар үңгірлерден құралған. Оларды чудтық немесе қалмақтың найзалар деп атап кеткен. Алғашқы кеншілер табиғатта таза қалпында кездесетін мыс түрлерін шығарған. Орыс паштасы Петр 1 Орталық Азия жеріне экспедицияға ғалымдар мен тау-кен ісінің шеберлерін жіберіп отырған. Олар біздің аймақтарды зерттеп, қазақ жерінің кенді екендігін, әсіресе біздің даламызды алып жатқан мыс байлығына қайран қалатын. Орталық Азияға экспедиция жасаған орыс ғалымдары Рычков (1847ж.) пен Фалькенің(1771ж.) күнделіктерінде Жезқазған-Қарсақбай-Жезді жерлері мыс кеніштеріне керемет бай екендігі жайлы және оның көне заман мен орталық ғасырлардан-ақ шығарып келгендігі туралы жазылған.Олар тіпті, Жезді көлін мыс көлі деп атап кеткен.
Сәтбаев қаласының маңайынан көне құрылыс іздері ретінде ескерткіштер мен тас адамдар мүсінін кездестіруге болады. Қалған іздерден көне адамдардың мыс өңдеу жұмысын қандай тәсілмен жүргізгендігін білуге болады. Мұндай іздерді Жезқазған кен орындарының он алты жерінде кездестіруге болады, олар: Петро, Покро, Златоуст, Кресто, Анненск, Никольск, Карпинск сияқты кен орындары. Сәтбаев қаласының қариялары бұл жерлерді адам атымен атап кеткен, мысалға Досхан жері, Досхан-қазақ көшпендісі. Аңыз бойынша, Досхан күшіне батылдығы сай адам болған. Найман тайпасының Бекболат руынан шыққан қазақ батырының есімі барлық уездер түгілі, Петерборға дейін жеткен. Бертін уақытқа дейін Досхан құдығы да сақталған. Ал қазір сол құдық орнында Сәтбаев қаласының жасанды су айдыны орналасып, айналасына ағаш отырғызылған. Аңызға сүйенсек , бұл құдық әрқашан суға толып тұратын.
Сәтбаев қаласы - Қарағанды облысындағы қала. 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс.
Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде. Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді. Бұл біздің қаламыздың туған күні. Сәтбаев қаласының жалпы жер көлемі 110435 гектар жерді алып жатыр. Сәтбаев халқы көп ұлтты, тату-тәтті бірлікте өмір сүруде. Жазы құрғақ, қысы қатты, континеттік аймақ. Қаракенгір, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Жезқазған қаласының маңында қосылып, Сарысу өзеніне құяды. Өзен маңында тал, терек, қайың, қарағаш, шілікті тоғайлар бар, жан-жануарлар мен құстарға бай. Бұрында осы қала орналасқан жерде көктемде қызғалдақтар мен сарғалдақтар, бәйшешектер қалың өсетін жер бетін кілемдей құлпыртатын қазір олар өте аз. Осынау қаланың академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атымен аталуы зор мақтаныш.
Сәтбаев қаласының көрікті жерлері
Абай аллеясы
Ұлы Абайдың мерейтойы аясында кенді қаланың келбеті одан әрі ажарлана түсті. Шаһардағы ең үлкен көшелердің бірі саналатын Абай атындағы көшенің көркіне көрік қосып, аллея мен ақынға арналған ескерткіш бой көтерді.
Алаштың бойтұмары – Абайдың биылғы мерейтойы елдің әр өңірінде кеңінен аталып өтуде. Бұл мереке той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыда дамуымыз үшін аса қажет. Діни таным мен қоғамдық сананы, ғылымды, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды сабақтастырып, адамзаттық ілімді, «Адам бол» қағидатын ұстануға шақырған Абайдың мұрасы өскелең ұрпақ үшін айнымас темірқазық болып қала бермек.
Күні кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақынның туған жеріне барған сапарында «Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды. Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы» деп айтқан сөзі көп ойды меңзейді.
Ашылған аллея көшеге көрік беріп қана қоймай, жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс.
– Аллеяда ақын ескерткіші бой көтеріп қана қоймай, данагөй ғұламаның 45 нақыл сөзі жазылған тақталар орнатылды. Кемеңгер тұлға батыс пен шығыс ғұламаларын оқи келіп «Адалға жүрмей, адам түзелмейді, адам түзелмей, қоғам түзелмейді. Қоғам түзелу үшін әркім өзін-өзі түзеуі керек» деген ойға тоқтады. Ол үшін бос сөзді қойып, еңбек ету қажет. Абай: «Егін, сауда, кәсіп, ғылым – адам болудың баспалдағы» деп, 19 ғасырда-ақ бірлік арқылы күллі адамзаттың көшіне ілесе білуге шақырды. Бұл кемеңгер тұлғаның көрегендігінің белгісі.
Кемеңгер, ойшыл, данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ақынның ескерткіші бой көтеріп, аллеяның ашылуы қала тарихындағы маңызы зор оқиға деп санаймын.
Аллеяның ұзындығы 270 метр болады.
Абайдың сөзі мен ойы біздің күндегі тірлігімізге, өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін! Ұлы ойшылдың мұрасы – еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашатын баға жетпес құндылық.
Ақынның тұғыртастағы тұлғалық бейнесін ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі Бейбіт Мұстафин және ҚР Суретшілер одағының мүшесі Владимир Троценко сомдап шыққан.
Мәңгілік ел» композициясы
"Мәңгілік ел" композициясында, бір шаңырақ астындағы бауырлас халықтардың бақытты өмірі жайлы, қазақ халқының армандары бейнеленген. Оның негізінде киіз үй жатыр, бірнеше ғасыр бойы кең да-ланы бағындырып келе жатқан халық ұрпақтарының өмірге деген көзқарасы біріктірілген.
«Кеншілер даңқы» алаңында кеншілердің құрметіне биіктігі 3,6 м қола мүсінді орнатылған «Кенші» ескерткіші.
"Керуен" композициялық мүсіні
Қаланың қақ ортасына емес, бел ортасына емес, төменгі жақ тұсына көшпелі өмірдің көрінісіндей, базары мен ажары тарқамаған "Керуен" келіп тоқтады. Түйе керуен түнеуге тоқтаған жоқ, Ұлытауға сапар шеккен жолаушыға жол сілтеп, кешегінің қолбасшысындай, бүгінгінің жолбасшындай бағыт көрсетпек. Ұлытау көшесі бойында орын тепкен келісті "Керуен" композициялық мүсіні таңдай қағып, тамашалауға тұрарлық. Қазақтың жолаушыға қаратып айтылатын"Көш көлікті болсын", "Ат-көлік аман ба? " деген сыңайдағы тіркесті тілек осы жерден өткен жолаушының аузына түспесе де, есіне түсер.
«Есқұла су қайнары»
Ұлытау көшесінің бойындағы «СЖСЖК» ЖШС алаңында орналастырылған ерекше субұрқақ. Қала әкімі Асқар Абылайұлы «Бұл субұрқақ қаланы сумен жабдықтау тарихындағы жаңа тараудың бастамасы» екендігін атап өткен. Жоғарыда орналасқан краны бар бұрқақ шын мәнінде мәңгілік судың символына айналмақ.
Сәтбаев қаласындағы «Тағзым» мемориалдық кешені.
«Тағзым» мемориалдық кешені 2015 жылдың 31 мамырында Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ашылды. Мүсіншілер: А. және М. Қалмаханов, Ж. Комутов, К. Балабеков, сәулетші: Шахиев Е.
Мемориалдық кешен моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылды. Жоспар бойынша мемориалдық кешенде «Халық Қарагарманы» мемлекеттік марапаты сияқты жеті бұрышты жұлдыз пайда болады.
Мемориал бес мүсіндік композициядан тұрады: «Қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу», «Тыл еңбеккерлерін еске алу», «Антропогендік апаттардың салдарын жоюға қатысушыларды еске алу», «Бейбіт уақытта қайтыс болған батырларды еске алу» және «Интернационалист жауынгерлерді еске алу».
Соқып жүрген баласы бар әйелдің мүсінін «Қарағанды суретшілер одағы» ҚБ жасады. «Тыл еңбеккерлерін еске алу» композициясының авторы - Қазақстан Республикасы Өнер академиясының корреспондент-мүшесі Мәдихан Қалмаханов. Мүсіннің тұғырымен бірге биіктігі - 3,6 метр.
«Сәтбаев қаласының әкімшілігі»
Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы

«Қалалық аурухана»

«Тәуелсіздік стелласы»

«Жеңіс саябағы»

«Кенші даңқы» монументі

«Мешіт»

«Церковь»

«Қазақмыс» корпорациясының атынан салған «Спорттық сауықтыру кешені»

«Нұрлы мекен» ауданы бой көтерді

Сәтбаев қаласында «Достық үйі» ашылған кез.