Іс-шаралар


1.   Нұржамал  апа,Еркінбаева  Әнетай апа ,Бірімбеков Оразалы ата кітапханада қадырлі  қонағымыз болды.
2. «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» атты  бейне слайд көрсетіледі
3. «Қарттарым асыл қазынам» атты  кітап  көрмесімен таныстыру.
 
Мақсатымыз:
1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
  4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Осы іс шараға №1мектеп 5 «Б» сынып оқушылары қатысады. Олар ата-әжелеріне арналған өлеңдерін оқып, мақал мәтелдерді айтып жарысты. Іс шара соңында «Қарттарым асыл қазынам» атты  кітап  көрмесімен таныстырып өттім.

 

 

 «Қарттарын қадырлеген ер ардақты»
Тәрбие сағаты
Жоспар
1.  Қадырлі қонағымызды   таныстырып өту.
2. «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» бейне слайд көрсетіледі.
3. «Қарттарым асыл қазынам» атты  кітап  көрмесімен таныстыру.
 Мақсаты:
1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
 
      Кітапханашы:Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!  Ақ жаулықты әжелер! Барлықтарыңызды 1қазан халықаралық қарттар күні  мерекесімен  құттықтаймыз! Тілейтініміз, алдағы өмірлеріңіз ашық та жарқын, денсаулықтарыңыз мықты болып, өмір жастарыңыз ұзақ болсын.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің  халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты  жасына лайық ауызы дуалы ,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты  ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. «Қарттарын қадырлеген ер ардақты» атты  тәрбие сағатына қош келдіңіздер .
Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар,  ол кім?   Әрине, қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі  тәрбие сағатына келіп отырған  құрметті қонағымызбен таныс болыңдар ата-әжелеріміз   қарсы алыңыздар.
Ширақ әлі қимылы,
Тек жатқанды ар көрер.
Топты жарған саңылақ,
                                          Әнтай апа ардагер.
***
Мінезі бар әрдайым жарқылдаған,
Әңгімесі айта берсе сарқылмаған.
Нұржамал апа  бүгін де бақытты жан,
Немерелер ортасында қартаймаған.
Сидырғандай жүрегіне даланы ,
Бақытым деп бағалайтын баланы.
Тәрбиелеген немерелер саналы,
Кім білмейді асыл Нағима апасы
*****
Өмірден көп байқағаны,
Оразалы  ата салмақты.
Білсең еңбек майталманы,
Еліне болған ардақты.
****
Дамыл таппай үнемі,
Көңілденіп жүреді.
Слушаш апа –жарқын жан,
Бала деп соққан жүрегі.
****
Баппен істеп әр істі,
Саусақтары майысқан.
Аманкүл апа  келісті,
Бәрімен тіл табысқан
Кітапты көп оқыған.
Қарттарды қадірлейік ағайын!
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат.
Кітапханашы: Еркембаева Әнетай апаға сөз беру:
1. Апа  қазыргі жастардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
2. Әнетай апа сіз де бала болдыңыз  ,  Әжеңіз ертегі, аңыз айтушы ма еді. Ал сіз ше ?
3. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?
4. Өнегелі сөз, өсиеттер айтасыз ба ? Әлде  оны тыңдайтын бала жоқ па ? (Көбінесе компютер алдында отыра ма?)
Балалар қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі) Кітапханашы :  Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Рымбеков Оразалы  атаға сөз берейік.Ата ұрпағының,  қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
- Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
- Тамаша! дұрыс айтасыздар.
Кітапханашы :     Ал енді сөз кезегін  Нұржамал апаға берейік.
-  Кәзіргі жастардың  бала тәрбиесіне көңіліңіз толама ?
-   Балаларды  еңбеке қалай баулуға болады ?
-Қыз бен ұл тәрбиесінің айырмашылығы неде ?
№1 мектеп 5 «Б» оқушысылары дайындаған тақпақтарын айтып берсін.
Әлішер:         Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.


Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Оқушы:  Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.


Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.


Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің


Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. /2рет.

Кітапханашы - Рахмет, балалар
Би : қамажай
Кітапханашы : Ал енді «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» бейне слайдқа  назар аударыңыздар.
Балалар  үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі сияқты  қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
- Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?
1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Кітапханашы :- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
- Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың жауабы)
Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.
Оқушы: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
айта отырып сыйлықтарын береді)

ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер? Тамаша, балалар, олай болса, қазір, осы жерде отырған жасы үлкен атамыз шығып болашақ азаматтарымызға батаңызды берсеңіз деп өтінеміз.

«Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке.
Үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!»

Кітапханашы:- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға рахмет.


Кері

© 2007-2019 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы КММ
Все права защищены
Яндекс.Метрика
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»