Мекен-жайы: 101302, Қазақстан, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Құсаинов көшесі 31-1 Тел./факс.: 8 (71063) 7-49-62, 8(71063)7-46-44 E-mail: biblioteka_15.63@mail.ru

«Арқадағы ару қала -Сәтбаев»

Мақтаныш  Қаныштай  ұлысы,

Жастары жасампаз көк өрім,

Халқымның береке-ырысы,

Сәтбаев –киелі мекенім

Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.  Қаныш Имантайұлы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (Семей губерниясының 1899 жылдың 12 сәуірінде ,Имантай бидің отбасында дүниеге келді.  Ата анасы нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді.Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.  Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланды.

Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, Тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай, 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.

Қаламыздың  көрікті жерлері

  • 2000  жылдың  2  наурызында  Кеншілер  сарайына  Шынболат Ділдебаевтың  есімі  берілді.
  • 2001 жылы  ақын, жыршы  Ш. Ділдебаевтың  мұражайы  ашылды.

 

  • 2002 жылы Жеңістің  57  жылдығына  арнап  «Даңқ» орны  бекітілді. Алаңда Ұлы отан соғысындағы  ардагерлерінің аты-жөні көрсетілген ескерткіштік тақтай орнатылған, Қаһарман ұрпаққа мың тағзым «Жеңіс » саябағы да  жастардың демалыс орындарына айналған.
  • «Қазақ мыс  Спорт» Спорттық  сауықтыру кешенешінің  «Арена-2005» мұз сарайы,  футбол манежі мен бассейн,қонақ үйі де бой көтерді.
  • 2006  жылы  «Балалар  мен  жасөспірімдер  кітапханасы» ММ-сі  ашылды.
  • Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған  Тәуелсіздік стелласы  орнатылды оның  биіктігі 18 метрге дейін жетеді.
  • Кеншілер күніне – көркем сый. Әрбір бес тұрғынның төртеуі өмірлік күш-жігерін, ерлікпен пара-пар еңбегін кеншілікке арнап келе жатқан қалада тақырыптық ескерткіш «Кенші  даңқы» монументі  бой көтерді оның биіктігі биіктігі 3.6. Ескерткіш тұтастай қоладан құйылған. Оның  авторы – Астаналық Ринат Әбенов.

 

Сәтбаев қаласындағы «Тағзым» мемориалдық кешені.

 

  • «Тазым» мемориалдық кешені 2015 жылдың 31 мамырында Қарағанды  облысы Сәтпаев қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ашылды. Мүсіншілер: А. және М. Қалмаханов, Ж. Комутов, К. Балабеков, сәулетші: Шахиев Е.
  • Мемориалдық кешен моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылды. Жоспар бойынша мемориалдық кешенде «Халық Қарагарманы» мемлекеттік марапаты сияқты жеті бұрышты жұлдыз пайда болады.
  • Мемориал бес мүсіндік композициядан тұрады: «Қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу», «Тыл еңбеккерлерін еске алу», «Антропогендік апаттардың салдарын жоюға қатысушыларды еске алу», «Бейбіт уақытта қайтыс болған батырларды еске алу» және «Интернационалист жауынгерлерді еске алу».
  • Соқып жүрген баласы бар әйелдің мүсінін «Қарағанды ​​суретшілер одағы» ҚБ жасады. «Тыл еңбеккерлерін еске алу» композициясының авторы - Қазақстан Республикасы Өнер академиясының корреспондент-мүшесі Мәдихан Қалмаханов. Мүсіннің тұғырымен бірге биіктігі - 3,6 метр.

 

Мәдениеті мен өндірісі дамыған, салт-дәстүрлерімен ерекшеленген  қала. Қаламыздан көптеген спортшылар, саясаткерлер мен ақын, жазушылар шығып қаламыздың атын жердің түкпір-түкпіріне естіртіп жатыр. Осының барлығы біздің мерейіміздің үстемдігі.

 

 

Сәтбаев қаласының көшелері

 

              

Гурба Виктор Васильевич (1914-1981),  металлург-инженер,Украинада туылған. Социалистік Еңбек Ері. Техника ғылымдарының кандидаты (1966). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Орал түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орал тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істеді. 1952 жылдан бастап Жезқазған мыс комбинатының бас инженері, кен басқармасының директоры (1952), Жезқазған кен металлургия  комбинатының директоры (1958-1981). Ол жерасты забойларына өздігінен жүретін қондырғыларды енгізді. Оның басшылығымен комбинат кен өндіруді 2 есеге, мыс шығаруды 1,7 есеге, қорғасын концентратын алуды  3,3 есеге арттырды. Жоспардан тыс 17,7 миллион сомның өнімі берілді. Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып сайланды. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

   Гурба  көшесі.  Сәтбаев  қаласының оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан.  Гурба  көшесінде Жеңіс паркі, Даңқ алаңы, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі,   №44 өрт  сөндіру бөлімі, түзету орталығы, «Тұрар» базары, сонымен қатар шағын және орта бизнестің нысандары шоғырландырылған. Халық депутаттарының Никольксий қалалық  Кеңесі атқару комитетінің 17.10.1981ж  №405/22 шешімімен Волгоградская көшесі ірі өндірістің ұйымдастырушысы, техника ғылымдарының кандидаты, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы   Виктор Васильевич Гурба көшесі болып өзгертілген.

 

 

 

             Құсайынов Әубәкір (1926-1979), кенші. Социалистік Еңбек ері. ФЗО мектебін бітіріп, еңбек жолын Жезқазған кен басқармасының электрослесарі  (1946) болып бастады. 1956 ж. бастап Оңтүстік Жезқазған кенішінің №44 шахтасында забойшы, кейін забойшылардың кешенді бригадасының бригадирі болды. Қ.Ә. көптеген қосалқы мамандықтарды игеріп, бұрғылаушы, кен қопарушы, скрепист болды. Сондай-ақ жаңа техниканы да игеріп, жас жұмыскерлерге тәлімгер болды. Жаңа техниканы игергені және өндіріске енгізгені, жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Құрметті кенші атағы берілді. Еңбекшілердің Никольский поселкілік және қалалық кеңестерінің депутаты болып сайланды. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

  Құсайынов көшесі. Сәтбаев қаласының шығыс бөлігінде орналасқан. Халық депутаттарының Никольский қалалық кеңесі атқару комитетінің 10.12.1990 ж. №671/19 шешімімен «60 лет Октября» көшесі Әубәкір Құсайынов көшесіне өзгертілген.

 

 

 

 

 

 

 

Шаталюк Павел Яковлевич 1906-1961       кенші. Еңбек жолын Кавказдағы Донбас қаласында    бұрғышы болып бастады. Орал қаласындағы Илларион Янкиннің әдісі бойынша жер астындағы         қазу жұмысы курсында оқиды 1944ж. «Жезқазған түсті метал» ӨБ –нің №31 шахтасында 1 айдың ішінде 3 айлық көрсеткіш көрсетіп, 10 мың тонна кен игерді. Шаталюк қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан. Жезқазған кен басқармасы партия бюросының мүшесі. «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы жылдары қажырлы еңбегі үшін» медалімен, грамоталарымен марапатталған.

     Шаталюк көшесі.  Сәтбаев қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көшеде кіші және орта нысандары бар. Халық депутаттарының Никольский қалалық кеңесі атқару комитетінің 25.04.1975 ж №110/7 шешімімен Ласточная көшесі Павл Яковлевич Шаталюк көшесіне өзгертілген.

               

      

 

 

 Мамахов  Әбікен (1910-1994), жүргізуші. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Еңбек жолын 1929ж. Жосалы трассасында автожүргізушінің көмекшісі, механик болып бастады. 1940ж. Жезқазған кен-металлургия комбинатының гараж бастығы болып сайланды. 1942ж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, майданға жіберілді. II Украина майданының құрамында шайқасты. Соғыс аяқталғасын 1953 ж. СЖК көлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1966ж. бастап құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін  «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ жалпы зауыттық механизмдер цехының директоры болды. Бірнеше мәрте поселкелік және қалалық кеңестерінің депутаты болып сайланды. «Ұлы Отан соғысы»  орденімен, «кавказды қорғағаны үшін» медалімен марапатталды. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

Мамахов көшесі.  Сәтбаев қаласындағы Сейфуллин және Асатов көшелерінің арасында орналасқан. Қала әкімінің  26.12.1994ж. №12/347 қаулысымен Интернациональная көшесі  Мамахов көшесі болып өзгертілген.

         

 

 

Жанпейісов  Қозыкен (1908-1987), Ұлытау ауданы Алғабас кеңшарында дүниеге келген. Қарсақбай мыс байыту зауытында тұңғыш мыс қорыту ісіне Қарсақбай жастарының өкілі ретінде қатысты. Осы зауытта мыс қорытушы болып, отызыншы жылдардың соңында алғашқы стахановшылардың бірі болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек етті. Оның ерен еңбегі жайлы «За медь»,  «Қызыл кенші»  газеттерінде бірнеше мақалалар жариланды. Ленин (1955), Еңбек Қызыл ту (1950) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» (1949) медалімен  марапатталды.    

  Жанпейісов көшесі  қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Көше бойында жеке тұрған үйлер орналасқан. Халық депутаттары Никольский қалалық Кеңесі атқару комитетінің 08.12.1988 ж. №581/26 шешімімен көше Қозыкен Жанпейісов құрметіне аталған.

       

 

Асатов Садық Қасымұлы (1933-1988), тау-кен инженері. Қазақ тау металлургия институтын аяқтады (1956). Еңбек жолын қатардағы жұмыскерліктен бастап, ірі 

кәсіпорынның басшысы лауазымына дейін көтерілді. Жезқазған кен – металлургия комбинатында ауысым шебері, шахта учаскесінің бастығы, Оңтүстік Жезқазған кенішінің бас инженері, Солтүстік және Батыс кеніштерінің директоры қызметін атқарды (1956-1976). Жәйрем кен – металлургия комбинатының директоры болды. «Октябрь ревалюциясы»,  «Еңбек Қызыл ту» , «Халықтар достығы»7, «Құрмет белгісі» ордендерімен және КСРО Түсті металлургия министрлігінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының құрмет грамоталарымен мараппаталды. КОКП және Қазақстан Компартиясы съездерінің делегаты болып сайланды. Көптеген өнертапқыштардың, ғылыми еңбектердің, өлеңдердің авторы. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

      Асатов көшесі қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Көше бойында тұрғын үйлер орналасқан. Халық депутаттары қалалық кеңесінің атқару комитетінің 20.08.1991ж. №15/466 шешімімен Шолохов көшесі Садық Асатов көшесі болып қайта аталған.

          Дүрментаев Тұрғынбай - кенші.Тыл ардагері. 14 жасынан бастап еңб��е араласты. 1927 жылы Жезқазған кенішіне жұмысқа орналасып,вагондарға кенді қолмен тиеді. Оны «жерасты  эксковаторы» деп атайтын. Бұрғылаушы мамандығын игеріп, кеніштегі атақты стахановшылардың бірі болды. Қосымша бірнеше мамандықты игерді. Соғыс жылдары норманы үнемі жоспардан асыра орындап отырды. Дүрментаевтың бригадасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды (1940). «Еңбек Қызыл ту», Ленин орденімен, «Еңбектегі жетістігі үшін», «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін»  метальдарымен,  «Ерен еңбегі үшін», В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне»  мерекелік медальмен,  «Түсті металлургия социалистік жарысының үздігі» белгісімен марапатталды. Жезқазған поселкелік кеңесінің депутаты болып сайланды. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

      Дүрментаев  көшесі.  Сәтбаев қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Көшеде тұрғын үйлер шоғырландырылған. Көше 1988 ж. 08.12 халық депутаттарының Никольский қалалық кеңесі атқару комитетінің №581/26 шешімімен Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Тұрғынбай Дүрментаевтың құрметіне берілген.

 

       Бөпежанов Мұхит Құлжанұлы (1910-1999), кен  инженері. Социалистік Еңбек ері (1961). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). Мәскеу түсті металл және алтын институтын бітірген (1936). Еңбек жолын шахтаның ауысым бастығынан бастап, Жезқазған кен басқармасында шахта бастығы, бас инженердің орыбасары, бас инженер және директор болды. 1961-1973 жж. Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің төрағасы, 1965 ж. Қазақ КСР Түсті металдар министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бөпежанов Ленин орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі жетістігі»,  «Ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталады. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

        Бөпежанов  көшесі.  Сәтбаев қаласының  шығыс бөлігінде орналасқан көшелердің бірі. Көшеде кіші және орта бизнес нысандары мен көп қабатты үйлер орналасқан. Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімімен (4.12.2001ж., №120) Сеченова көшесі Мұхит Құлжанұлы Бөпежанов көшесі болып өзгертілген.

 

 

Инфоресурсы

ГУ «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» прошла регистрацию в Министерстве юстиции РК и получила все юридические документы в апреле месяце 2006 года. Библиотека работает на основании положения № 41- 1930- 30 от 24.03.06 г. о государственной перерегистрации юридического лица №41-1930-30-КГУ от 23.06.2016г. Коммунальное государственное учреждение «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков города Сатпаев»
© 2007-2023 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы КММ
Все права защищены
© 2013-2022 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»