Мекен-жайы: 101302, Қазақстан, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Құсаинов көшесі 31-1 Тел./факс.: 8 (71063) 7-49-62, 8(71063)7-46-44 E-mail: biblioteka_15.63@mail.ru

Өлкетану

«ТУҒАН  ӨЛКЕ – ТҰНҒАН  ШЕЖІРЕ»

 

          Елбасымыз  тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей  алмайды»-дейді.

          Отансүйгіш  ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын үйрете білуіміз қажет. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа  алуымыз  керек.  Кітапханада өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған   материалдарды  оқырмандардың  пайдалануы  өте  маңызды. Туған  жері мен елінің, халқының   өткен өмірі  мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды   азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке  тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

          Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиеттерінің  жоқ  екенін  ескере  отырып, өлкетану  жұмыстары кітапханашылар мен  оқырмандардың  өзіндік  ғылыми  негізді  ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

        

       Өлкетану  бағыты

       

      Өлкетану – белгілі   бір    жердің,   қаланың,  елді – мекеннің  тарихын   тереңдете  танып – білу.  Өлкеміздің   тарихы   мен   өнерін   жинақтап   зерттеудің  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеудің  қажеттілігі  арта  түсуде. Туған   өлке  тақырыбындағы   кітаптар   аз  болғандықтан   ізденушілік   жұмыстарды  қажет  етеді.  Осыған  орай  кітапханашылар  қаламыздың  тарихы,  қаламыздың   қай   жағынан  болмасын   дамуына   өз  үлестерін  қосқан   құрметті  азаматтары,  ақын – жазушылары  туралы  деректер  жиналып толықтырылуда. 

            

«Өлкетану» жұмысының  негізгі  тұжырымдамасы:

1.Кітапханада  тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу

2.Өлке тарихын,  Отан  тарихын  меңгерген  тарихи сананы  қалыптастыру

3.Оқырманды  өзіндік  іс-әрекет  жасауға  үйрету, оның интеллектісін дамыту

 

«Өлкетану»  жобасының  мақсаты:

Өскелең  ұрпақтың өз өлкесінің тарихын білуге деген қызығушылығын  арттыру,   тарихын  оқып  меңгерген  тарихи  сананы  қалыптастыру.

 

«Өлкетану»  жобасының  міндеттері:

-оқырмандардың   тарихи біліктері  мен  дағдыларын жетілдіру;

 -өзіндік ізденіс, шығармашылыққа  баулу  және  жетелеу

  

 Күтілетін  нәтижелер:

  • Өлкетану  туралы  мәліметтердің  қол жетімді болуы;
  • Кітапхана жұмысының тәжірибесіне  жаңа технологияларды енгізу;
  • Кітапхана  қызметтерінің  сапасының артуы;
  • Соңғы  кездері  өсіп  келе  жатқан  жас ұрпақтың  өз  елінің, өз  өлкесінің   тарихын   жетік  біле  алмайтындықтары                              

Инфоресурсы

ГУ «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» прошла регистрацию в Министерстве юстиции РК и получила все юридические документы в апреле месяце 2006 года. Библиотека работает на основании положения № 41- 1930- 30 от 24.03.06 г. о государственной перерегистрации юридического лица №41-1930-30-КГУ от 23.06.2016г. Коммунальное государственное учреждение «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков города Сатпаев»
© 2007-2023 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы КММ
Все права защищены
© 2013-2022 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»