Кітапхана тарихы
Әр тарихтың өз бастауы болады демекші, біздің кітапхананың тарихы 2006 жылдан бастау алады.2006 жылы еліміздің мәдени – рухани өмірінде бұрын – соңды болып көрмеген мән – маңызы айрықша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кенді қалада тағы бір мәдени ошақ 16.02.2006 ж. №4 – 81/2 қаулысын негізге ала отырып «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ашылды.
13.03.2006 ж. – №19 өкімге сәйкес кітапхана директоры болып жоғары білімді, тәжірибелі маман Кожахметова Гүлнара Саруаровна тағайындалды.Мемлекеттік мекеме қаламыздың 5 – мөлтек ауданында, Құсайынов көшесіндегі 31 – үйдің 2 – 3 пәтерлерінде орналасқан.
Кітапхананың жалпы ауданы – 130,7 ш.м.
2006 ж. сәуір айында кітапхана Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тіркеуінен өтіп, барлық заңды құжаттарын алды.Кітапхана 24.03.2006 ж. № 41 – 1930 – 30 құжатын негізге ала отырып жұмыс жасап жатыр.
Салтанатты ашылу рәсімі 2006 жылдың маусым айының 14 – жұлдызында болып өтті.
2007 жылдан бастап мекеменің материалдық – техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, кітапханаға қажетті жиһаздар, техникалар алына бастады. Кітап қорын толықтыру үшін де ақша беріліп, сол жылдан бастап кітап қорын аз да болса біртіндеп толықтырып жатырмыз.
2009 жылы мемлекеттік «Жол картасы» аясында кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кітапханаға қосымша №1 пәтер беріліп, ауданы кеңейді, қазіргі ауданы – 130,7 ш.м
2018 жылы қараша айында кітапхана директоры болып Карабекова Сәуле Түсіпәліқызы тағайындалды.