Кітапхана тарихы

Әр  тарихтың  өз  бастауы  болады  демекші, біздің  кітапхананың  тарихы    2006 жылдан  бастау  алады.2006 жылы  еліміздің   мәдени – рухани  өмірінде  бұрын – соңды  болып  көрмеген  мән – маңызы  айрықша  «Мәдени  мұра» бағдарламасы  аясында кенді қалада тағы  бір  мәдени  ошақ  16.02.2006 ж. №4 – 81/2   қаулысын негізге ала  отырып «Балалар мен  жасөспірімдер  кітапханасы»  ашылды.
 
13.03.2006 ж.  – №19  өкімге сәйкес кітапхана директоры болып  жоғары  білімді, тәжірибелі маман  Кожахметова  Гүлнара  Саруаровна  тағайындалды.Мемлекеттік мекеме қаламыздың 5 – мөлтек  ауданында, Құсайынов көшесіндегі   31 – үйдің  2 – 3 пәтерлерінде  орналасқан. 
 
Кітапхананың   жалпы  ауданы – 130,7 ш.м.
 
2006 ж. сәуір айында кітапхана Қазақстан  Республикасының  Әділет министрлігінің  тіркеуінен  өтіп,  барлық  заңды  құжаттарын  алды.Кітапхана  24.03.2006 ж. № 41 – 1930 – 30 құжатын  негізге  ала отырып  жұмыс  жасап  жатыр.
Салтанатты  ашылу  рәсімі  2006 жылдың  маусым  айының  14 – жұлдызында  болып  өтті. 
 
2007 жылдан  бастап мекеменің материалдық – техникалық базасын  нығайту  үшін   жергілікті  бюджеттен қаржы  бөлініп, кітапханаға  қажетті  жиһаздар,  техникалар  алына  бастады.  Кітап  қорын  толықтыру  үшін  де  ақша  беріліп,  сол  жылдан  бастап  кітап  қорын  аз да  болса біртіндеп  толықтырып  жатырмыз.
 
2009  жылы  мемлекеттік  «Жол  картасы»  аясында  кітапханаға  ағымдағы жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. Кітапханаға  қосымша  №1 пәтер  беріліп, ауданы  кеңейді, қазіргі  ауданы – 130,7 ш.м 
2018 жылы  қараша  айында  кітапхана  директоры  болып  Карабекова Сәуле Түсіпәліқызы  тағайындалды.
© 2007-2019 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы ККМ
Все права защищены
Яндекс.Метрика
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»