Оқырмандарымыз облыстық байқаулардың жеңімпаздары.

            Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы

 «Батылдық - Мужество» жобасы шеңберінде Жеңістің 75 - жылдығына арналған жастардың «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» - «Помнит сердце, не забудет никогда» республикалық интернет – байқауын жариялаған болатын.

Байқауға кітапханамыздың оқырмандары  №7 мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Кидралиева Алия және №16  мектептің  6 «Г» сынып оқушылары  Шаяхмет Айзере, Туралы Мейргүл белсене қатысып сертификатқа ие болды.

          2018жылы Абай  атындағы  облыстық  балалар  кітапханасы  жариялаған  эсселер  жазу  мен  буктрейлер  байқауына  да оқырмандарымыз  үлкен  қызығушылық танытып  қатысып, «Бас алмай оқитын  кітап»  номинациясы бойынша №1 мектеп – гимназиясының  2- сынып оқушысы  Аяпова Аружан 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.  «Туған өлкем- мақтанышым»  атты эссе жазу байқауынан  № 4 лицей мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Серік Әсет 3 орынды иемденіп дипломмен бағалы сыйлықпен марапатталды.

          «Қайым  Мұхамедханов  атындағы  білім  және  мәдениет орталығы» қоғамдық  қоры  және  үйлестіруші  кітапхана  ретінде Ж.Бектұров  атындағы облыстық  жасөспірімдер кітапханасы  бірлесе  «Ел тағдыры  адамдар  тарихында, История страны в судьбах людей»  атты  жинақ шығарды. Біздің оқырманымыз Төленбаева Зере  атасы  туралы  эссе  жазып, осы  жинаққа енді.

       «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Мен және менің Астанам» атты селфи стиліндегі

жастарға арналған облыстық интернет-фотобайқауына кітапхананың тұрақты оқырманы банк қызметкері  Куйкентаева Айганым қатысып,  жеңімпаз атанып 1 орынға ие болды.

       Қызметкерлер  кәсіби   біліктіліктерін  арттыру  үшін  ізденіп  әлемде,  елде  болып жатқан  жаңалықтардан қалыс  қалмайды.  Біздің  мамандар  интернетпен  және  қашықтағы   дереккөздермен  жұмыс   істеу  дағдыларын  меңгеруде. Кітапханашылар облыстық, қалалық   семинарларға   баяндамашылар  ретінде  қатысады. Курстарға  барып, кәсіби  деңгейлерін жоғарылатып, білімдерін  шыңдайды.

       «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ  жас кітапханашылар арасында «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасының аясында «Отанымды сүйемін» ең үздік виртуалды көрмесін жариялаған болатын. Кітапхананың жас маманы Ш.Шаймонова қатысып  «Менің өлкем – менің мақтанышым»  номинациясы бойынша жүлделі 1 орынды иеленіп, Мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

         16.03.18ж. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әмбебап ондық жіктелуі: әдебиеттерді жүйелендіруге жаңа көзқарас» тақырыбында облыс кітапханаларының кітап толықтырушыларына арналған семинар өтті. Оған  кітапханашы – кітап қорын  толықтырушы   А. Ә. Байғазиева, библиограф  Ф.Т.Дузбаева қатысып білімдерін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін көтеріп келді. 

        20.04.18ж. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Жаңа уақыттың басшысы: беделі және тиімді басқаруы» тақырыбында  облыстық семинар болып өтті. Семинарға  кітапхана  басшысы Г.С. Кожахметова қатысып  қайтты. Бұл семинардан  алғанымыз  өте  көп, жақсы  тәжірибелер, керекті  мәліметтер алдым – дейді  кітапхана басшысы.

        20.06.18ж. Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Туған жер»  жобасының жүзеге асырылуын насихаттау мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы  Жезқазған қаласының С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Жезқазған өңірінің кітапханалары үшін «Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» тақырыбында семинар өткізді.

         Оған барлық аймақтың кітапханашылары, Жезқазған қаласының балалар ақыны Ернұр Сейдахмет қатысып сұхбат беріп, оның «Балаларға арналған әндер жинағы» үнтаспасының тұсауын кесу рәсімі өтті. Кітапханашылардың баяндамалары тындалы. Біздің кітапхананың кітапханашысы Ә.Шегебаева «Өлкетану жұмысы: ізденіс, инновациялар» тақырыбында баяндама оқыды. Кітапханашылар озық тәжірибелерімен бөлісті.

         21.06.18ж. Абай атындағы  Қарағанды  облыстық  балалар кітапханасының басшысы Б.К.Уатаева, әдістемелік инновация бөлімінің жетекшісі С.Ж.Жусупова, кітап көрын толықтыру бөлімінің жетекшісі О.М.Мусина біздің кітапханамыздың жағдайымен  танысуға  арнайы келді. Кітапханамыздың жұмысымен, жоспарымен танысып ризашылығын білдірді.  

         ІI -жартыжылда  ұжым  және оның белсенді  оқырмандары облыстық    шығармашылық  байқауларға  қатысып, бақтарын  сынады. Облыстық мәдениет басқармасы мен Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жариялаған байқауға кітапханашы Ш.Шаймонова қатысып, қаламыздың  45 жылдығына  арналған «Менің өлкем – менің мақтанышым» атты буктейлер әзірлеп, жүлделі бірінші орынға ие болды.

         Кітапханашы Ә.Шегебаева «Қазақстандық мерейтойлы кітап» номинациясы бойынша М.Әуезовтің «Көксерек» повесі желісінде жасалған  буктрейлерден  2 дәрежелі дипломмен  марапатталып, сый – сияпаттарға  ие болды.

2007 жылдың  ақпан  айында Абай  атындағы  облыстық  балалар кітапханасы мәдениет және білім департаменттерімен  бірлесе  отырып  «Ұлы  даланың  тарихы» атты  шығармашылық  жобаға байқау  жариялаған  еді. 5 – 9 сынып  оқушыларына арналған  жобада  4 түрлі  тақырып  берілген. Осы  байқауға  қаламыздағы  мектеп  оқушылары белсенді  түрде  қатысып, барлығы – 28 жұмыс  өткізілді. Балалар  көп  ізденген, еңбектенген, көптеген  тарихи деректерге, кітаптарға жүгініп, интернет материалдарын  да  пайдаланған.

Біздің кітапхананың  атынан  жіберілген  12 жұмыс  ішінен 3 жұмыс  лайықты  деп табылып, жүлделі  орындарға  ие  болды. №4 мектеп – лицейінің  оқушысы А.Калимбетова «Замана бұлбұлдары» тақырыбы  бойынша 1 – орын, №19 орта  мектебінің  8 – сынып  оқушысы  Ә.Омарова  «Қыпшақтар  дәуірі» тақырыбы  бойынша  2 – о рын   және «Аттила – вождь  тюрков» тақырыбына ұжымдық  жұмыс  жазған №2 мектебінің  оқушылары  К.Белякина   мен  Т.Бексултанова    жүлделі 2 – орынды иеленді.       

Балалар бағалы кітаптар мен дипломдармен марапатталды.  Сонымен қатар  жүлдеге ұсынылмаса да жақсы  жазылған  деп №4 мектеп – лицейінің оқушысы Айтбаева Ботагөздің жұмысын атап өтті. Ал  кітапханамызға  үлкен белсенділікпен қатысқаны  үшін бағалы  сыйлық  тарту етілді.        

Облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы  «Адамзат – рухани  күш – қуатының  құдіреті»  атты  облыстық   байқауға  балалардың  жұмысының  жазылуына  көмек  беріліп,  кітапхана  оқырманы  Халдаров  Мұстафа әдебиет номинациясы бойынша «Кіші қазан» және коллективтендіру жылдары. Аштық» деген  тақырыпта  шығарма  жазып, жеңімпаз  атанды. Дипломмен, бағалы  сыйлықпен  марапатталды.

Нашақорлықпен  күресу бойынша 2009 – 2011ж.ж. арналған  аймақтық  бағдарламаны   жүзеге  асыруға үлес қосу мақсатында  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы  ұйымдастырған  «Есірткісіз қала – болашақ  кепілі» деген  тақырыпта  ұйымдастырылған  байқауда тұрақты оқырмандарымыз  №4 мектеп оқушысы  Г.Садырбек   әдебиеттен  проза  саласы бойынша «Есірткінің  әлегі» атты  әңгімесі  үшін 1 – орынды  иеленсе,  №14 мектеп  оқушысы А.Юн  музыканың  рэп  жанры  бойынша Гран приді  жеңіп алды.

2012 жылы Қарағанды облысының мәдениет басқармасы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы  жазушы Ж. Бектұровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Таңбалы тарлан» атты жасөспірімдер арасындағы республикалық виртуалды шығармашылық байқау өткізді.
      

Байқауға балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан 7 оқырман қатысты,  №4,7,15 мектептің 10,11 сынып оқушылары.

№ 4 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Жанболатова Айжан Номинация: Литература (эссе), «Жайык Бектуров- летописец своего времени» тақырыбында жазып ынталандыру сыйлығымен (2000 тенге) және грамотамен  марапатталды.

Байқауға қатысқан оқушыларды, мектеп ұстаздары мен кітапханашыларды кітапханаға жинап, қатысқан оқушыларға кітапхана атынан алғыс хатпен марапаттап, болашақта алда болуларын тіледік.

Мәдениет және өнер қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйақысын тағайындау  жөніндегі  конкурста Қарағанды  облысы  әкімі сыйлығының  лауреаты 2012ж «Үздік кітапханашы» номинациясына Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітап қорын толықтырушы кітапханашысы Байгазиева  Аманкул Амзеқызы ие болды.

Қарағанды облысының  мәдениет  басқармасы  балалар  шығармашылығының  «Жаңа  есімдер» атты VІ  облыстық  конкурсын  өткізу  туралы  ережесіне байланысты  кітапхана оқырмандарын  сайысқа жіберілді.

Балалар  шығармашылығының  «Жаңа  есімдер» атты VІ  облыстық  конкурсы 2013 жылы 26  сәуірде     
Бұл  сайысқа балалар мен  жасөспірімдер кітапханасының оқырманы  №19 мектеп – лицейінің 5 «А» сынып  оқушысы Тлимесова Аружан   7-10 жас аралығында  көркем  сөз  оқудан ІІІ-орынға ие болды. 14-16 жас аралығында көркем сөз жарысынан №4 мектеп-лицейінің  10 «А» сынып оқушысы  Аукенова Қаракөз  ІІ-орынға ие болды.

 

© 2007-2019 Сәтбаев қаласының балалар мен
жасөспірімдер кітапханасы ККМ
Все права защищены
Яндекс.Метрика
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»