Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай
15.02.2021 ж
Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай «Барлық балалардың құрдасы» атты халықаралық балалар шығармашылық фестивалі
Агния Бартоның өлеңдерімен бірнеше ұрпақ өсті. Балалар үшін Агния Барто - ең алғашқы және сүйікті жазушыларының бірі. Балалардың барлық еркеліктерін, ұсақ-түйектерін білетін және өлеңдерінде зиянсыз әзіл айтуды білетін. Көбіне өлеңдері балалар туралы және балаларға арналған болатын. Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай Мәскеу қаласындағы Агния Барто атындағы Мәдени орталық № 178 балалар кітапханасы аудандық, қалалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдар мен байқаулар өткізуде тәжірибесі бар «Барлық балалардың құрдасы» атты балалар шығармашылық фестивалін өткізді.
Бұл фестиваль оқырмандардың көрнекті ақын және қоғам қайраткерінің шығармашылығына деген қызығушылығын қолдау және дамыту, Агния Бартоның шығармашылығының эстетикалық және адамгершілік қасиетін ашу мақсатында өткізілді. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының маңызды сәттерінің бірі Агния Бартомен байланысты. 1964 жылы Агния Львовна бір топ мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерімен бірге Қазақстандағы орыс мәдениетінің он күндігіне қатысты. Сол себептен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Кучаева Елена Олеговна, бізге Агния Львовна Бартоның туғанына 115 жыл толуына арналған «Барлық балалардың құрдасы» атты балалар шығармашылығы онлайн фестивалін өткізу тәртібі туралы ережесін ұсынған болатын. Аталған фестивальге қала мен облыстан 100-ден астам өтінім жіберілген. Біздің «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан» сектор меңгерушісі Аймагамбетова Калтай Каримовнаның жетекшілігімен №1 мектеп - гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы Аяпова Аружан 2 номинация бойынша қатыстып бағын сынап көрді.
«Балалар өлеңдерін оқитын бүкіл планетаны қарастырайық» атты номинациясы бойынша Агния Бартоның өлеңдерін оқитын балалардың қойылымдары ұсынылып, бағаланған.
Екінші «Ол туралы қалың дәптер жаза алар едім» атты номинациясында балалар Агния Бартоның шығармашылығы туралы немесе жеке шығармалары туралы эссе жазу ұсынылған болатын.
Фестивальдің қорытындысы бойынша 3000-нан астам өтінім қаралған. Біздің оқырманымыз Аяпова Аружан аталған фестивальде «Ол туралы қалың дәптер жаза алар едім» атты номинациясы бойынша жүлде орынға ие болғанына қуаныштымыз. Онда жеңімпазымыз Агния Бартоның өмірі мен шығармашылығы туралы эссе жазды. Біздің оқырманымыз Аружан жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол қалалық және республикалық байқауларға қатысып жеңіспен оралатын. Оның жоғары нәтижеге қол жеткізуге деген ынтасы - бұл ең жақсылардың ішіндегі ең жақсысы болуға деген ұмтылысы.