«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ
2022 жылғы «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын бүкіл ел болып оқу бір ауыздан қолдау тапты.
Елімізде Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
– «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
– «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
– «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
– «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».
Биыл, яғни 2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихатталады. Ақын мұрасы әлемдік мәдениеттің бір бөлігіне жатады және ол бүкіл адамзатқа қол жетімді болуға міндетті.
Ахмет Байтұрсыновтың мұрасымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе, ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қорындағы әдебиеттерді алып оқуларыңызға болады.
«Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ
«Бір ел – бір кітап 2022» акциясына іс – шаралар жоспары
|
Жұмыс мазмұны |
Формасы |
Мерзімі |
1 |
«Ұлттық қазына-тіл»
|
Кітап көрмесі |
Жыл бойы |
2 |
«Ұлт тілін ұлықтаған ұлы адам»
|
Кітапханалық квилт
|
20.04.22. |
Мұрағат